top of page
1526087158_ala.jpg

Алға қаласының тарихы

77591f7572263b3b4a72cb336015dbbf-1.jpg

Алға топырағында ХХ ғ. басында қазақтың кең даласында  қанат жайған  химия зауыты    құрылысы  басталды, оның көшпелі қазақ өмірінде алатын орны зор болды. ХХ ғасырдың басында қазақтың кең даласында химия зауытының құрылысы  басталды. Осы зауыт елдің ауыл шаруашылығын, әсіресе мақта және қызылша егетін Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аумақтарын фосфоритті минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге міндеттелген. Құрылысшыларға тек қана тапсырма және жоба сызбалары беріледі. Мақсаты - бар ықыласпен, үлкен идеямен зауытты көтеру. Алғашқы екі объект көтерілді: кесек тас карьері және кірпіш зауыты.

  Бірнеше жылды артқа тастап жылы шырайсыз далада зауыт салынды. Осы зауыт қала және ауданның бастамасы болды. Қаланың аты да зауытқа сай  «Алға»  деп аталды.

 

Алға стансасының тарихы кеңестік кезеңге дейінгі дәуірден бастау алады.Ол ХХ ғ.басында іске қосылған Орынбор- Ташкент темір жолының бойында Ақтөбеден оңтүстікке қарай 45-шақырымында  1912 жылы № 44 разъезд ретінде салынды. Разъездің жолшы жұмысшыларына арналып қос тұрғызылды. Азамат соғысы кезеңінде 1918 жылы разъезд ақтармен өртеліп, оның жұмысшылары мен қызметшілері көршілес станцияға кетті. Азамат соғысының аяқталысымен, 1921 жылдың соңында  темір жолды қалпына келтіру басталды.  Разъезд  өз қызметін жандандырды.  Бұл  №44 разъезд 1929 жылға дейін далалық разъезд болып қалды.Алға ауданының негізі Қазақстандағы химия өнеркәсібінің тұңғышы- алып химкомбинатының алғашқы кірпішінің қалануынан бастау алды. 1930 жылы көктемде Ақтөбе химкомбинатының құрылысы басталды.

Совет Одағының халық шаруашылығы  кеңесінің шешіміне сәйкес 1929 жылы 8 тамызда Ақтөбе химия зауытын салу туралы қаулы шығырылады. Зауытқа фасфориттерді өндіріп, Орта Азия республикаларын фосфорлы- минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету міндеттелген.Ақтөбе фосфориттерін алғаш рет 1890 жылы Левинсон Лессинг   табады.Совет үкіметі жылдарында үлкен фосфорит қорлары Ақтөбе-Қандыағаш-Темір аумақтарында анықталды.Фосфориттер қоры ұзақ жылдарға жеткілікті деп есептелді.Қаулы бойынша техникалық-экономикалық жағдайды анықтайтын  комиссия құрылды. Комиссия минералды тыңайтқыштарды өндіруге Новоукраин кеніндегі фосфориттер шикізат болуға лайық екенін,осы кендегі фосфориттер құрамында фосфорды  ангидрид  18 пайыз,  суперфосфат өндіру үшін фосфорды  ангидридтың үлесі 26 пайыз болу керектігін анықтады. Сондықтан Ақтөбе фосфориттерінен құнарлы фосфорды тыңайтқыш-преципитат  өндіру туралы шешім қабылданды.

Зауытта преципитат өндіру үшін қажетті күкірт қышқылы мұнаралы қышқыл цехында өндірілуі керек.Күкірт қышқылын өндіруге Оралдағы флотационды  колчедан шикізат ретінде пайдаланылды.

 Комбинаттың жобасы тез іске асты. 1930 жылы № 47 разъезінде (Қандыағаш станциясының қаласында) құрылыс жұмыстары басталып кетті.Су мәселесі шешілмегендіктен құрылыс жұмыстыры № 44 разъезге ауыстырылды. Осы разъезд Алға станциясы болып аталды.

 

 

1933 жылы Алға ауданы Әлжан Мағаджанов атымен аталып, орталығы Ақкемер болған. Әлжан Мағаджанов (1894-1919) 1918 жылы КПСС мүшесі, Ақтөбе уезінің Батпақты, Өлетті, Бестамақ болысындағы ауылдық, селолық                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     советтерді  ұйымдастырушы. 1918 – 1919 жылдары Азаматтық соғысында Ақтөбе майданындағы Қызыл гвардия отрядын басқарған. Әскери тапсырманы орындау кезінде ерлікпен қаза тапты.

Алға өңіріне орыс, болгар, украин, молдаван т.б. өзге ұлт өкілдері  қоныстана бастады. 1908 жылы  Сарықобда өзенінің бойына болгарлар көптеп шоғырланды. Бессараб жерінің Болгарка деп аталуының себебі осы.   

      Павловка  селосына қоныс  аударушы   Тимофей   Лаврушко 1909 жылы жел диірмен орнатқан. Бұл жел диірмен 1961 жылға дейін халық игілігіне жұмыс жасаған. Бүгінгі таңда жел диірмен аудан бойынша тарихи - мәдени   ескерткіш ретінде тізімге енгізілді.

С.М.Киров атындағы Ақтөбе химия комбинаты құрылысының директоры  1933 жылдың 2-сәуірінен бастап 1936 жылға дейін Сергей СтепановичКорягин болды. 1933 жылдың қарсаңында комбинаттың жылу электр стансасы жұмыс істеуге кіріседі.1934 жылы қыркүйек айында күкірттік-қышқылдық цехтың іске қосылуына бұйрық берді.

    Алға стансасының тарихы кеңестік кезеңге дейінгі дәуірден бастау алады.Ол ХХ ғ.басында іске қосылған Орынбор- Ташкент темір жолының бойында Ақтөбеден оңтүстікке қарай 45-шақырымында  1912 жылы № 44 разъезд ретінде салынды. Разъездің жолшы жұмысшыларына арналып бір казарма да қоса тұрғызылды. Азамат соғысы кезеңінде 1918 жылы разъезд ақтармен өртеліп, оның жұмысшылары мен қызметшілері көршілес станцияға кетті. Азамат соғысының аяқталысымен 1921 жылдың соңында  темір жолды қалпына келтіру басталды, сонымен бірге, разъезд де өз қызметін жандандырды.  Бұл  №44 разъезд 1929 жылға дейін далалық разъезд болып қалды.

Алға ауданының негізі Қазақстандағы химия өнеркәсібінің тұңғышы- алып химкомбинатының алғашқы кірпішінің қалануынан бастау алды. 1930 жылы көктемде Ақтөбе химкомбинатының құрылысы басталды.

 1934 жылдың бірінші ширегінде Ақтөбе облысының құрамында Ключевой ауданы құрылды. 1960 жылдарға дейін Алға ауданы Ключевой ауданы деп аталған. Ключевой ауданының орталығы болып Ақкемер станциясы белгіленеді. 1934 жылы 21 ақпанда КСРО Орталық атқару комитетінің қаулысымен  Ключевой ауданының еңбекшілер депутаттарының Жұмысшы поселкелік кеңесі құрылды.

 1936 жылы Қазақ өлкелік комитетінің қаулысымен Ключевой ауданының орталығы Ақкемерден Алға поселкесіне көшірілді. 

 

Алға  темір жол станциясы.

Алға темір жол станциясының тарихы Кеңестік кезеңге дейінгі дәуірден бастауалады. 1901 ж.21 сәуірде Ресей үкіметі жол қатынастары министрінің ұсынысы бойынша 1901 ж.  21 наурызынан  бастап №3017  бұйрығымен Орынбор – Ташкент теміржолының бағытын Орынбор және Илецк қаласы арқылы, Ақтөбеден Аралкөліне құяр тұсқа,  ТүркістаннанТашкент станциясынадейінбекітуге  үкімшығарады. ХХ ғасырдың басындаіске қосылған  Орынбор-Ташкент темір жолы Ақтөбе облысының оңтүстік жағында 1912ж. №44 разъезд  ретінде салынды. Азамат соғысыкезінде 1918 ж.разъездақтармен өртеліп, оның жұмысшыларымен қызметшілері көршілес станцияға кетеді. 1921 ж.соңында теміржолды қалпына келтіру жұмысы басталып, разъезд  өз қызметін жандандырады. Соған қарамастан, бұл №44 разъезд 1929 ж.дейін далалық разъезд болып қалады.  1935 ж. 1 қабатты ғимарат болып қайта салынады.   Ғимараттың жалпы көлемі 557,4 кв.метр. Қазіргі таңда Алға вокзалы  атқаратын жұмыс көлемі бойынша 5  - класқа жатады

Алға станциясының алғашқы басшысы А.И.Мельников болған. Одан кейін Т. Кадырова,  Р.Александр, Б.Жанабаев,  А.Догалов,  Қ.Бержанов,  Р.Қайырғалиев, А.Жылқайдаровтар басқарған.

bottom of page